Көкшетауда үйінен кетіп қалған қыз арнайы мектепке орналастырылуы мүмкін

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірім қыз қараусыз қалған үйден табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша, 2017 жылдың 24 мамырында Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне 1948 жылғы әйел хабарласып, бір күн бұрын 13 жасар немересінің үйден із-түзсіз кетіп қалғанын айтқан.

«Жедел іздестіру шарасы барысында полицейлер жоғалған қызды Көкшетау қаласындағы элеватор маңындағы қараусыз қалған үйден аман-есен тапты. Жасөспірім облыс орталығындағы мектептердің бірінде 5-сыныпта оқиды.

Әжесінің сөзіне қарағанда, жасөспірімнің анасы қайтыс болған. Сол себепті ол немересін өз қамқорлығына алған. Алайда, немересі осыған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалып отырған.

«Қазіргі кезде кәмелеттік жасқа толмаған қызды Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласындағы арнайы мектеп-интернатына орналастыру мәселесі қаралып жатыр», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар