Көкшетауда үйдің шатыры опырылып, ұйықтап жатқан қария көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда жеке тұрғын үйдің шатыры опырылып, 63 жастағы зейнеткер алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметше, 6 қазан сағат 00:48 кезінде Көкшетау қаласындағы Пионерский көшесінің бойындағы бір қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры опырылып түсті.

1950 жылы салынған тұрғын үй апатты деп танылмаған.

«Құлаған шатыр үйіндісінің астынан үй иесі 63 жастағы әйелдің денесі табылды. Ол алған дене жарақатынан көз жұмған. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, полицияға зейнеткердің 14 жасар немересі хабарлап айтқан.

Бала үйдің төбесі құлап, әжесі қайтыс болғанын жеткізген.

Полицияның мәліметінше, екі жыл бұрын үйде өрт болған, содан бері шатыры жөнделмеген.

Үйдің шатыры опырылып түскен кезде қария жатын бөлмеде ұйықтап жатқан.

Зейнеткер мен екі немересі бірге тұрған. Ал ұлы іссапарда болған. Оқиға жазатайым оқиғалар санатына жатқызылды.


Соңғы жаңалықтар