Көкшетауда үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеп жіберген 20 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеп жіберген 20 жастағы жігіт көз ауруханада жұмды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Ақмола облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайков мәлім етті.

Еске сала кетсек, 1 қараша күні 18:35 минут шамасында Көкшетау қаласында 20 жастағы ер адам өзін пәтеріндегі жуыну бөлмесінде азаматтық некедегі әйелі және әкесінің көзінше үстіне бензин құйып, өртеп жіберген еді. Кейін ол 1 дәрежедегі (97 пайыз) күйікпен Ақмола облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.

«Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Алайда, өте ауыр хәлде түскен оның өміріне араша түсу мүмкін болмады. Кеше, яғни, 3 қараша күні сағат 15:20 шамасында күйік шалған жігіт ауруханада көз жұмды», - деп түсіндірді Ақмола облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайков.

Соңғы жаңалықтар