Көкшетауда үш жылға жуық уақыт бойы бюджет қаржысын қымқырып келгендерге сот үкімі шықты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда бюджет қаржысын жымқырған мектеп директоры мен оның сыбайластарына сот үкімі шығарылды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Көкшетау қалалық №15 орта мектептің Ж. есімді директоры мен А. есімді есепшісі және К. есімді мемлекеттік сатып алулар жөніндегі маманы оңай жолмен ақша табу мақсатында жалған бухгалтерлік құжаттар жасап, ұзақ уақыт бойы, яғни 2011 жылдың ақпанынан 2013 жылдың қазанына дейін бюджеттен 7,7 миллион теңгенің қаржысын жымқырып келген.

Аталған қылмыстық топтың әрекеті өткен жылдың соңында әшекерленіп, қылмыстық іс қозғалған болатын. Енді, міне оларға қатысты сот үкімі шығып, тиісті жазалар белгіленді.

Сонымен, Көкшетау қалалық сотының үкімімен мектеп директоры Ж. мүлкін тәркілеумен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілсе, есепші А. алдағы 8,1 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болады. Ал мемлекеттік сатып алулар жөніндегі маман А. шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар