Көкшетауда «Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым» атты ғылыми конференция өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым» атты ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Достық үйінде қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі атанған ұлы тұлғалар - Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференцияға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысып, сөз сөйледі.

«Елбасының бастамасымен елімізде жыл сайын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні дәстүрлі аталып өтіп келе жатыр. Бүгін сол жылдардағы оқиғаларды бойымызға сіңіре отырып, өткеніміздің қандай ауыр болғанын сеземіз. Жеңіс пен сәтсіздік, қуаныш пен қайғы қатар шапқан заманнан сабақ алып, халқымыздың тарихы мен тағдырына аса қаморлықпен қарауымыз қажет», - деді Айна Мысырәлімова.

Сонымен қатар, шарада ҚР Еңбек сіңірген әртісі, белгілі сәкентанушы Серік Оспанов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек пен аға оқытушы Ғалымтай және өзге де танымал ел ағалары ашаршылықты басынан өткермеген кейбіреулер бұл зұлматты аңыз секілді қабылдағанымен, сұрапыл нәубет халқымыздың бастан кешкен шынайы тағдыры екенін айтып, лагерьлерде ұлтымыздың ардақты азаматтары мыңдап құрбан болғанына тебірене тоқталды. Олардың арасында жазықсыздан жазықсыз жала жабылып, құрбан болған Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтің ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байыту арқылы қазақ елінің дамуына қосқан үлесі жөнінде айтылды.
null

Бұдан бөлек, конференцияға жиналғандар Көкшетаудағы ескі мұсылмандар зиратында болып, Кеңес одағының батыры Мəлік Ғабдуллиннің анасы Əлия Оспанқызына, көрнекті дін қайраткері Науан Хазіретке жəне халқымыздың біртуар перзенті Сəкен Сейфуллиннің ұлы Аянға құран оқытты.

null null

Соңғы жаңалықтар