Көкшетауда Ұлы Жеңістің 69 жылдығы және Отан қорғаушылар күні құрметіне спорттық шаралар өтуде - ВИДЕО

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында Ұлы Жеңістің 69 жылдығы мен 7 мамыр Отан қорғаушы күні құрметіне қалалық «Көкшетау» және «Степной маяк» газеттерінің жүлдесі үшін дәстүрлі жеңілатлетикалық эстафета өтуде.

Облыс орталығында жеңілатлетикалық эстафета осыдан 67 жыл бұрын бастау алған болатын. Содан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Осынау игі шара жеткіншектер мен жастардың жеңіл атлетикаға деген құмарлығын одан сайын арттыра түсуде.

Эстафетаның ашылу салтанатына Көкшетау қаласы әкімі Жарқын Жұмағұловпен бірқатар спорт ардагерлері, қалалық «Көкшетау» және «Степной маяк» газетінің басшылары Абылай хан алаңына жиналғандарды құттықтап, команда мүшелеріне жеңіс тіледі.

Алғашқы болып жарыс жолына қала әкімі Жарқын Жұмағұлов бастаған әкімдік пен қос редакцияның ұжымы шығып, жүгіріп өтті.

Жалпы, бұл жолғы жеңілатлетикалық эстафетаға Көкшетау қаласындағы жоғары, арнайы орта оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерінен құралған 800-ден астам адам қатысып, бақтарын сынауда.

Эстафетаға қатысушылар кубок, грамота, дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Соңғы жаңалықтар