+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Көкшетауда ұлттық мұраны насихаттайтын облыстық көрме өтті

2019 жылғы 11 қазан 11:06
Бөлісіңіз:
Көкшетауда ұлттық мұраны насихаттайтын облыстық көрме өтті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің облыстық көрмесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қорқыт ата кешені - түркі жұрты тәу ететін мекен

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру шеңберінде қолға алынған шараға Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Степногорск қалары және облыстың 12 ауданынан келген 11-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты.

Көрмені Ақмола облыстық білім басқармасының қолдауымен Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Жеңімпаздар «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым», «Табиғи материалдардан жасалған бұйым», «Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар», «Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйдің, бөлменің, саяжайдың, ландшафтының және т.б.», «Матадан жасалған бұйымдар (құрақ техникасы, жұмсақ ойыншық және т.б.)», «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» тәрізді алты аталым бойынша анықталды. Оны ҚР Суретшілер одағы және Еуразия дизайнерлер одағының мүшелері, доценттерден құралған кәсіби қазылар таңдады.

«Мен мұндай деңгейдегі көрмеге бірінші рет қатысып отырмын. Өзі жұмысымда қазақ халқының тұрмыс салтын, ұлдар мен қыздардың өмірін көрсеткім келді. Мен өз туындымда фетр және фоамиран маталарын қолдандым. Осындай шараға қатысу үшін ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын білуіміз керек», -дейді көрмеге қатысушы, Макинск қаласындағы 9-сынып оқушысы Юлия Новикова.

Көрме қорытындысы бойынша, Жүзім Мұхамбаева, (Астрахан ауданы), Диана Әбдрахманова (Зеренді ауданы), Елена Ғабидулинна (Сандықтау ауданы), Алина Кудрявцева (Степногорск қаласы) бірінші, Гауһартас Тұрсымбаева (Жақсы ауданы), Никита Касьянова (Бурабай ауданы), Ксения Ермакова (Шортанды ауданы), Вероника Павленко (Атбасар ауданы) екінші, ал, Денис Берязниченко (Степногорск қаласы), Гүлнұр Естай (Шортанды ауданы), Данагүл Мұрат және Максим Машевский (Астрахан ауданы) үшін орын иеленді.

Бірінші орын алғандар ағымдағы жылдың 2-3 қарашасы аралығында Шымкент қаласында өтетін республикалық байқауда бақ сынайтын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT