Көкшетауда тұрғындар суға кете жаздаған баланы аман алып қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жергілікті тұрғындар Қылшақты өзеніне суға кеткелі жатқан баланы аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баланы құтқару шарасы Инстаграм желісіндегі kokshevideogram деген атаумен жарияланды.

Мұз жарылып суға түсіп кеткен баланы құтқаруға бірнеше жігіт кіріскен. Олардың бірі суға кеткелі жатқан балаға арқан лақтырса, тағы екеуіне мұзды суға түсуіне тура келді.

Абырой болғанда жігіттер оқиға орнына дер кезінде келіп, бала дін аман құтқарылды. Қатерлі іске бел буған жігіттердің кім екені әзірге белгісіз. Алайда желі қолданушылары олардың әрекетін нағыз ерлік деп бағалап, оларды міндетті түрде марапаттау қажет деген пікірде.

«Құтқарушылардың кімдер екенін жариялаңыздар, мен олармен бір қалада тұратынымды мақтан тұтамын»,-деп жазады желі қолданушылардың бірі.

«Жарайсыңдар жігіттер, сендер нағыз ер азаматсыңдар! Міне, осындай жігіттерді үлгі тұтып, оларды міндетті түрде марапаттау қажет»,-деп жазады тағы бір желі қолданушы.

Соңғы жаңалықтар