+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Көкшетауда тұрғын үйлерге жылу қыркүйектің 25-нен бастап берілетін болды

2021 жылғы 20 қыркүйек 17:43
Бөлісіңіз:
Көкшетауда тұрғын үйлерге жылу қыркүйектің 25-нен бастап берілетін болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда тұрғын үйлерге жылу қыркүйектің 25-нен бастап берілетін болды.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды Ақмола облысынан хабар-ошарсыз кеткен адам ұрлық жасап ұсталды Елорданың маңындағы ауылдарда жаңа әлеуметтік нысандар ашылды

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Ерназаров, «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының директоры Ермек Өмірғалиев, «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы Руслан Мақышевтың қатысуымен өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Ерназаровтың айтуынша, ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Көкшетау қаласына Сергеев су қоймасын сумен жабдықтау жұмыстары қалпына келтірілді. Бүгінгі таңда қаланы сумен жабдықтау екі көзден жүзеге асырылады, бұл Шағалалы су қоймасы, тәуліктік су жинау 24 650 мың текше метрді құрайды. Сонымен бірге, Сергеев су қоймасынан су жинайтын Көкшетау топтық су құбырынан 5 650 текше метр, жалпы тәуліктік тұтыну тәулігіне 300 мың текше метрді құрайды. Қазіргі уақытта Сергеев су қоймасынан 20 мың текше метр екі резервуардың біріне келетін су жинау жұмыстары жалғасуда.

Жылыту маусымына қатысты «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы Руслан Мақышев түсіндіріп берді.

Оның айтуынша, 2021 жылғы 17 қыркүйекте Көкшетау қаласының әкімі жылу беру маусымының басталуы туралы №78Р өкімді қабылдады. Қабылданған өкімге сәйкес жылу беру маусымы ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде басталады. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар – мектептер, мектепке дейінгі мекемелер, оқу орындары, емдеу-алдын алу мекемелері, балалар үйлері мен мүгедектер үйлері жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі.

Ал 25-ші қыркүйектен бастап тұрғын үй қоры, мемлекеттік-әкімшілік ғимараттар және басқа да жылу энергиясын тұтынатын нысандарға қосылады. Темірбеков көшесінің бойында Ш.Құдайбердиев көшесінен А.Әшімовке дейінгі жылу магистралі қайта жөнделуде. Жақында ғана барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуы тиіс. Жалпы, қала жылыту маусымына дайын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT