Көкшетауда тұрғын үй аулалары қалпына келтірілуде (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетаудағы бірақтар көшелер мен үй аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, өндіріс орындарында да болды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қала әкімі Е.Маржықпаевтың айтуынша биылғы маусымда он шақты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жоспарланған. Оның ішінде Абылай хан даңғылындағы өткен жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген № 30 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы қоршалатын болады.

Қазіргі кезде құрылыс жұмыстарын «Инженер Дор Проект» ЖШС қолға алып, 12 миллион теңгеге жөндеуде. Үйдің кіре берісінен бастап Абылай хан даңғылына дейін тротуарлар қалпына келтіріліп, бедер тастар төселуде.

Аталған жұмыстардың барысымен танысқан аймақ басшысы соңғы 3 жыл қатарынан Көкшетау қаласында тұрғын үй аулаларын қалпына келтіріліп жатқанын атап өтті.

«Барлығын қалпына келтіру қажет. Қаланы абаттандыруға қаражат қарастырамыз. Одан әрі тұрғын үй ауласы, газгольдерлер және лифті шаруашылығына көңіл бөлетін боламыз», деді С.Кулагин.

Сонымен қатар облыс әкімі қала басшылығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін үйлердің тұрғындарымен тығыз байланыста жұмыс істеуді тапсырды. Тұрғындар сенбілікке, көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатыса алады.

Осы күні аймақ басшысы Көкшетаудағы «Қазақстан Агро Инновациялық корпорациясы» ЖШС және «Көкшетау минералды сулары» АҚ тәрізді бірақтар өндіріс орындарының жұмысымен де танысты.
null null null null null null

Соңғы жаңалықтар