+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Көкшетауда төтенше жағдай режимін бұзған мейрамхана иесі қамауға алынды

2020 жылғы 2 сәуір 12:30
Бөлісіңіз:
Көкшетауда төтенше жағдай режимін бұзған мейрамхана иесі қамауға алынды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 1-ші сәуірінде Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен төтенше жағдай режимін бұзған кәсіпкер ҚР ӘҚбК 476 бабы бойынша, 15 тәулікке қамау түрінде әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алтын шаңырақ» мейрамханасының иесі уақытша шектеу туралы норманы елемей, 60 адамға банкет өткізген», - дейді ведомстводан.

Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, мейрамхана иесіне осыған дейін де төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жаза ретінде айыппұл салынған.

«Кәсіпкер енді алдағы 15 күнін Көкшетау қалалық ПБ қабылдау-үйлестіру қосынында жазасын өтейтін болады. Жалпы, Көкшетау қаласында төтенше жағдай режимін бұзған 17 тұлға соттың шешімімен әкімшілік жауапқа тартылды», - деп толықтырды ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT