Көкшетауда төлем қабылдау терминалын тонап кеткен 19 жастағы жігіт ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда төлем қабылдау терминалын тонап кеткен күдікті ұсталды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«30 қазан күні Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті ЖШС-нің бірінің басшысы хабарласқан. Зардап шегушiнің айтуынша, оның сауда үйіне терезе арқылы түскен белгісіз біреу ішкі жақта тұрған төлем қабылдау терминалын бұзып, ішіндегі 11 мың теңгені қолды қылған.

Осыған орай, ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша (ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шарасы барысында күдікті 1996 жылғы жігіт қолға түсті. Қазіргі кезде, күдікті қылмысын толық мойындап отыр.

Сонымен қатар, оның бұған дейін де дәл осындай қылмыс жасағаны анықталды. Қазір одан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды», - деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар