Көкшетауда тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жарысқа еліміздің 12 өңірінен жиналған 100-ге жуық тоғызқұмалақшы қатысты.

«Олардың арасында 1 еңбегі сіңген спорт шебері, 4 - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 13 - ҚР спорт шебері бар. Бірнеше күнге созылған интеллектуалды жарыс екі топта айналу жүйесі бойынша өтті», - дейді Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «дала шахматы» саналатын қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі - тоғызқұмалаққа соңғы кездері жастардың қызығушылығы артып келеді. Өткен жылы жарыстың республикалық кезеңіне барлығы 7 команда ғана қатысқан болса, биыл еліміздің 12 өңірінен жиналды.

null

Соңғы жаңалықтар