Көкшетауда ТҚС жұмысшысы клиентінің көлігін айдап әкеткен

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда техникалық қызмет көрсету орталығы аумағынан «Ланд Крузер» маркалы жол талғамайтын көлікті айдап әкеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, көлігінің жоғалғаны туралы оның иесі шілденің 22-де Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне хабарласқан. Зардап шегушінің сөзінше, жөндеуге қалдырылған «Ланд Крузер» маркалы жол талғамайтын көлігін облыс орталығындағы ТҚС аумағынан айдап әкеткен.


«Полиция дереу көлікті іздестіру шарасын қолға алды. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камерасындағы жазбаны зерттеп, ТҚС жұмысшылары мен клиенттерінен түсініктеме алды. Шілденің 22-де осы қылмысқа қатысты аталмыш ТҚС жұмысшысы, 22 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды», деп атап айтты ведомвсто өкілдері.

Қазіргі кезде, күдіктінің үстінен ҚР ҚК 200 бабы (көлік ұрлау) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік заңды иесіне қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар