Көкшетауда тіл орталығы ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында мемлекеттік тілді оқытатын арнайы орталық ашылды. Қазір мұнда бес мұғалім қызмет істейді.

Әрбір ұстазға бес топтан бекітілген. Ал әр топта он екі адам қазақ тілін үйренетін болады. Енді орталықта мектеп оқушыларынан бастап мемлекеттік қызметкерге дейінгі ынта білдірушілер ана тілін оқып үйрене алады. Орталықтың ашылуына Көкшетау қалалық бюджетінен арнайы қаражат бөлініп, игі бастама жүзеге асты.

Алдағы уақытта орталықта білім алушылар санын көбейту көзделіп отыр. Тіл оқыту орталығы заманауи әдістемелік құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Жалпы Көкшетау қаласы бойынша тіл үйренем деушілер үшін осы секілді орталықтардың жетіспей жатқандығы анық. Ал мемлекеттік тілді оқып үйренуге ынта білдіріп отырғандар саны әр жыл сайын көбейіп келеді.

Соңғы жаңалықтар