Көкшетауда тастардың астында қалған экскаваторшы құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында алтын өндіретін кеніште экскаватордың үстіне тастардың үйіндісі құлап, жүргізушіні басып қалды. ҚазАқпарат тілшісіне Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Думан Дəлешов мәлім еткендей, құтқару жұмыстары 11 сағатқа жалғасты.

Оқиға бүгін таңертең, сағат 08:00 шамасында «Алтынтау-Көкшетау» ЖШС ашық кенішінде орын алды. Тау жынысын қопарып жатқан экскаватордың үстіне тастардың үйіндісі құлап, кабинаны ішіндегі жүргізушісімен бірге басып қалған.

11 сағатқа жалғасқан құтқару жұмыстарынан кейін 1993 жылы туған жүргізушіні кабинадан алып шығу мүмкін болды. «Экскаваторшыны аман-есен алып шықты. Қазір оны ауруханаға алып бара жатыр», - деді Думан Дәлешов.

Оқиға орнында құтқару жұмыстарын ТЖД-ның жеке құрамындағы 13 адам мен 2 арнайы техника жəне медицина қызметкерлері жүргізді. 




Соңғы жаңалықтар