Көкшетауда танымал тұлғалар халыққа қызмет көрсетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Танымал тұлғалар «Жұлдыздар» бір күн ХҚО» акциясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық акционерлік қоғамы Ақмола облысы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша ХҚО №2 бөлімінде «Жұлдыздар» бір күн ХҚО» акциясы өткізілді. Шараға Мисс Көкшетау-2018 Екатерина Ефименко, «Kokshe» телеарнасының жүргізушісі Зарина Дүйсекеева және  «Kokshevideogram» мен «SSinegor.kz инстаграм-блогерлері Дани Қапаров пен Татьяна Кондратович қатысты.

«Танымал тұлғалар өздерін ХҚО кеңесшілері ретінде сезінді. Олар бір сағат бойы тұрғындарға электронды мемлекеттік қызмет алу, электронды кезек бойынша таллон алып, өтініш толтыру сияқты қызметтер көрсетті», - деді ведомстводан.null 

«Халықпен жұмыс істеп, қызмет көрсету оңай емес. Психологиялық шыдамдылық пен кәсіби шеберлік қажет. Бүгін мен осыған көз жеткіздім. Дегенмен, келушілердің арасында алғыстарын айтқандар да болды», - дейді Екатерина Ефименко. 

Айта кетейік, бүгінгі күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша 24 майдан-кеңсесі жұмыс істеуде. Онда барлығы 470 адам аптасына 6 күн бойы таңғы сағат 9-дан  кешкі 20-ге дейін қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтары бойынша барлығы 1 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.

null 

Соңғы жаңалықтар