Көкшетауда танымал спортшылар полицияға көшелерді патрульдеуге көмектесуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат -Көкшетауда танымал спортшылар полицияға көшелерді патрульдеуге көмектесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бокстан КСРО, Еуропа чемпионы, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Мереке Жүсіпов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол жазбада спортшылар тәртіп сақышларымен бірлесіп, кешкілік уақытта Көкшетау қаласының көшелерінде қоғамдық тәртіп сақталуына атсалысып жатқаны атап өтілген.

Сонымен бірге, қала әкімдігінің баспасөз қызметі кекушин каратэ федерациясының президенті Әлімжан Молдағали бастаған спортшылар да полиция қызметіне көмектесіп жатқанын айтуда.

«Белсенділік танытқан спортшыларға алғыс білдіреміз. Қала тұрғындарын белсенділік танытып, қосылуға шақырамыз», - делінген ведомствоның мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар