Көкшетауда такси жүргізушісін өлтіріп кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында такси жүргізушісін өлтіру оқиғасы тіргеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 22 қаңтарда Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жедел жәрдем стансасының фельдшері хабарласып, Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына 45 жастағы ер адамның іші мен мойын тұсынан пышақ жарақатымен түскенін айтты.

Белгілі болғандай, зардап шегуші жеке жолаушы тасымалымен айналысқан.

«Жедел-іздестіру шарасы кезінде жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камерасының көмегімен күдікті ұсталды. Ол Көкшетау қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Алайда, зардап шегуші алған дене жарақатынан 23 қаңтарда көз жұмды. Оқиға байланысты ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіден заттай айғақтар алынып, уақытша қамалды», - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.



Соңғы жаңалықтар