Көкшетауда тағы бiр халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Сергей Кулагин облыс орталығында жаңадан ашылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Орталықта құжат қабылдайтын - 6 әйнек, дайын құжаттарды беретiн - 2 терезе, өзiндiк қызмет көрсететiн - 4 сектор, тұрғындарды құжаттандыру және тiркеу жүргiзетiн - 1 терезе және суретке түсу үшiн ыңғайлы жағдай жасалған орын бар.

Аталмыш орталық ашылған сәттен бастап шамамен 1500 мемлекеттiк қызмет түрi көрсетілген. Оның ішінде 200-ден астамы мемлекеттiк қызмет көрсету тiзiлiмiне сәйкес, халықты құжаттандыруға байланысты болып отыр. Қазіргі кезде бөлiмшеде Ресейлік «Сбербанк» АҚ филиалының төлемдерiн қабылдау бойынша терминал орналастырылған, тұрғындардан төлем қабылдау үшiн «Қазпошта» АҚ базасын қосу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Сондай-ақ, «Казкоммерцбанк» АҚ қосымша есептiк-кассалық бөлiмiн орнату, нотариус және көшiрме жасау кабинеттерiн ашу жоспарлануда. Бұл жерде өңiр басшысы келушiлермен және орталық қызметкерлерiмен әңгiмелесе келе, қала шетiндегi тұрғындар үшiн де ХҚКО ашуға көңiл бөлу қажеттiгiн алға тартты. Еске сала кетейiк, бұл облыс орталығында қызмет көрсетіп отырған 2-i ХҚКО. Одан өзге, тағы бiр осындай орталық Көкшетау қаласының Красный яр кентiнде жұмыс iстейдi.

Соңғы жаңалықтар