Көкшетауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес форумына 17 мың адам қатысты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Адал жол - Честный путь» облыстық марафонының аясында ұйымдастырылған 175 іс-шараға 17 мың Ақмола облысының тұрғыны қатысты, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облыстық департаментіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда марафон облыстың 11 ауданында өтті және оған тұрғындар белсенді атсалысты десе болады.

«Марафон республика көлемінде жүріп жатыр. Дегенмен ол 2015 жылы Ақмола облысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтық департаментінің бастамасымен басталған болатын. Әрине, жергілікті тұрғындардың бұл істі қолдауының арқасында шара бүкіл Қазақстан бойынша ұйымастырыла бастады»,-деп хабарлайды ведомство өкілдері.

Ақмола облысында марафон 4-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Алайда оның басты мақсаты бұрынғысынша қалып отыр. Яғни, жемқорлықпен күрес қозғалысына бүкіл қоғамды тарту, қоғам мен мемлекеттің күшін індетпен күреске жұмылдыру, жемқорлықтың алдын алап, оған қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру және оның жемқорлықтың барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, азаматтық көзқарасты белсенді таныту болып табылады.

«Марафон желтоқсан айында, Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне арналған форуммен аяқталады. Оның барысында марафонның жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары марапатталады»,-деді ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар