Көкшетауда суретшілердің халықаралық форумы өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «A la prima Kazakhstan» сериясы шеңберінде суретшілердің халықаралық форумының жабылуы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы, облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы, «Qazaqstan. A la prima» серіктестігі бірлесіп өткізіп отырған форумның мақсаты мәдениет пен шығармашылықты тану арқылы халықаралық байланыс пен ынтымақтастықты қалыптастыру және нығайту, Қазақстанның сұлу табиғаты мен байлығын насихаттау.


«Qazaqstan. A la Prima» сериясы шеңберіндегі «Бурабай аңыздары» атты суретшілердің халықаралық форумы Бурабайдағы «Әлем» қонақ үйінде қыркүйек айының басында ашылып, енді міне, облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында мәресіне жетіп отыр.
Айта кету керек, халықаралық форумға Корея, АҚШ, Голландия, Қырғызстан, Германия, Түркия, Вьетнам, Ресей, Өзбекстан елдерінен 20 суретші келіп қатысты.
«Форум барысында суретшілер 14 күн бойы сурет салып, 40 картинаны Ақмола облысына тарту етті. Бұл суреттер облыстық әдебиет және өнер мұражайының қорында сақталатын болады», - дейді Ақмола облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар