Көкшетауда сұрапыл соғыс құрбандарын еске алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетауда сұрапыл соғыста қаза тапқан миллиондаған құрбандарды еске алу рәсімі өтті.

1941 жылдың 22 маусымы - бұрынғы Кеңестер Одағы тарихында ең қайғылы күндердің бірі болып қалды. Бұл күні таңсәріде неміс-фашист басқыншылары бейбіт жатқан елімізге тұтқиылдан шабуыл жасап, лап қойды. Сөйтіп, 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы басталды.

Бүгін осы тарихи оқиғаға 73 жыл толуына орай, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Чапай Әбутәліпов бастаған бір топ соғыс және еңбек ардагерлері, Ауған соғысының жауынгерлері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғамдық жұртшылық, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері облыс орталығындағы «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, сол сұрапыл соғыста қаза тапқан миллиондаған құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, аруақтарына тағзым етті.

Соңғы жаңалықтар