Көкшетауда супервайзер сауда үйінің тауарын тегін таратып жіберген

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында супервайзер сауда үйінің 1 млн теңгелік тауарын тегін таратып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығындағы ірі сауда орындарының бірінің әкімшісі арызданған. Оның айтуынша, сауда үйінің 30 жастағы супервайзері өзіне сеніп тапсырылған 1 млн теңгеден астам тауарды иемденіп алған.

«Белгілі болғандай, күдікті сауда үйінен сату үшін жалпы сомасы 2 млн теңгеге тауарды қарызға алған. Кейін, оның бір бөлігін таныстары мен бейтаныс адамдарға тегін таратып жіберген. Қазіргі кезде, тегін таратылған тауарлар Қазақстанның өзге өңірлерінен анықталды. Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді департаменттен.

Айта кетейік, аталған санкция бойынша күдікті 3 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін. Ұсталған азаматқа «келу туралы міндеттеме» бұлтартпау шарасы қолданылды.


Соңғы жаңалықтар