Көкшетауда судьяны өлтірген күдікті ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер бойынша алқа төрайымы Жанна Бердықұлова өз үйінде өлтірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Полицейлердің дерегі бойынша қанды оқиға маусымның 13-і күні болған. 1971 жылы туған әйелдің мүрдесі өз үйіндегі жуынатын бөлмеден табылды. Қаскөйдің қолынан ажал құшқан әйелдің Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер бойынша алқа төрайымы Жанна Бердіқұлова екенін облыстық соттың баспасөз қызметі растап отыр.

«Марқұмның мойнында қылқындырып өлтіру әрекетінің іздері бар. Қазіргі кезде, сот-медициналық сараптама жұмыстары тағайындалды.
Осы оқиғаға күдікті 1984 жылы туған көкшетаулық азамат ұсталып, түсініктеме алынды. Күдіктінің осыған дейінде ауыр қылмыс жасағаны үшін істі болғаны анықталып отыр.

Қазіргі кезде, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 99 бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар