Көкшетауда су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Көкшетауда су тасқынына қарсы шаралар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Əлеуметтік желі арқылы ақпарат таратқан қала əкімінің баспасөз қызметінің мəліметі бойынша су тасқынына қаншалықты əзірленгенімен ауа райының күрт жылынуы біраз қиындықтар туғызуда.

"Қазіргі кезде су тасқынына қарсы барлық коммуналдық қызметтердің арнайы техникалары мен ТЖД күші мен құралдары тартылып, тəулік бойы жұмыс істеуде.

Əсіресе, тұрғындардың лақтырып тастаған тұрмыстық қалдықтары коммуналдық қызметтердің жұмысына кедергі келтіруде. "Сұңқар" шағынауданында суағардан су сыртқа жайылуы осының айқын дәлелі.

Осыны ескере келе, тұрғындар су тасқынының қаупі биік шыңына жеткенін тоспай-ақ, үй аулаларын құм, топырақпен қоршап қамдағаны дұрыс.

Егер үйіңізге  тасқын судан қауіп төнсе, əкімдік жанындағы кезекшілік қызмет орталығына 29-78-25, "Көкше Жəрдем" коммуналдық кəсіпорнының диспетчеріне 76-19-23 жəне Көкшетау қаласы бойынша ТЖД 112 нөмірлеріне хабарласуына болады.

Тұрғындарды жағдайға түсіністікпен қарап, пəтер иелері кооперативімен бірлесіп су тасқынының зардаптарын жоюға атсалысуға шақырамыз", деп көрсетілген жазбада. 

Соңғы жаңалықтар