Көкшетауда су құбыры жарылып, 20 тұрғын үй судан ажыратылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында су құбыры жарылып, 20 тұрғын үй судан ажыратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының мәліметі бойынша, төтенше жағдай бүгін таңертең Ақан сері көшесінің бойындағы 116 тұрғын үйдің тұсында болған.

«Осы жерде диаметрі 300 мм магистрал су құбыры жарылды. Осыған байланысты Назарбаев даңғылы мен Ақан сері көшелерінің қилысатын тұсы жабылып, көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Апатты жою үшін кешкі сағат 20:00-ге дейін 20 тұрғын үйді ауыз судан ажыратуға тура келді. Тұрғындарға су күні бойы тасымалданып жеткізіледі», деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының диспетчерлері.

Айта кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарында Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов көшесі 177 үйдің жанында су құбыры жарылған болатын. Ал, ақпанның 1-де Көкшетауға қарасты Краснояр кентінде диаметрі 150 мм су құбыры магистралы жарылып, тұрғындарға су тасымалданып жеткізілген еді.


Соңғы жаңалықтар