Көкшетауда студенттер зауыт қабырғасында білім алмақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС базасында Смағұл Сәдуақасов атындағы ауыл шаруашылығы инситутының «Механизация және мал шаруашылығы» кафедрасы ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Зауыт директоры Әсен Жақсылықовтың айтуынша, кафедраның ашылуы кәсіпорынға қажетті мамандарды даярлауда маңызды қадам болып отыр. Білімін тәжірибемен ұштастырып, кафедраны үздік бітірген студенттер келешекте осында қалып жұмыс істеуіне әбден болады. Бұл бір жағынан студеттерге теориялық біліммен қатар, практикалық тәжірибе жинақтауға септігін тигізсе, зауыт басшылығы үшін өндіріске қажетті болашақ мамандарды өздері таңдап жүріп алуына мол мүмкіндік.

Кафедраның ашылуы салтанатына қатысқан Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров студенттерге терең білім беруде қолдау білдірген зауыт басшылығына алғысын айта келе,  білікті кадраларды дайындауда алдағы уақытта да ынтымақтастықта жұмыс істейтін атап өтті. Кафедрада студенттердің білім алуына барлық жағдай жасалған. Дәріс залы қазіргі заманғы жиһаз, мультимедиялық жабдықпен қамтамасыз етілмек. Сондай-ақ, студенттерге университет оқытушылары ғана емес, зауыт мамандары да дәріс оқып, тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Соңғы жаңалықтар