Көкшетауда спорт тарландары 200-ге жуық бала алдында өнер көрсетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ақмолалық полицейлер аз қамтылған отбасылардағы және құқық қорғау органдарының есебінде тұрған балаларға спорттық мереке сыйлады, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

"Динамо" дене шынықтыру - спорт қоғамы және ішкі істер органдарының мұрындық болуымен өткен "Динамо Қазақстан балаларына" акциясына 200-ге жуық бала қатысты.

Шараға арнайы келген "Динамо" дене шынықтыру - спорт қоғамы төрағасының бірінші орынбасары, әскери самбо, панкратион және жекпе-жек бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері әрі жекпе-жектен Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Жаслан Жантасов, киокушинкайдан ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Әлімжан Молдағалиев пен отставкадағы подполковник Енген Хегай балаларды атаулы күнмен құттықтап, спорт және салауатты өмір салтымен шұғылдануға шақырды.

Жеткіншектердің алдында Ардақ Мадимұхаметов, Алтынбек Қазкенов, Ермек Сұлтанғалиев, Аслан Зейноллаев, Дулат Тұқышев және Евгений Евдокимов сияқты майталман спорт шеберлері өз өнерлерін көрсетіп, тәнті етті.

Акция соңында барлық балаларға түрлі сыйлықтар үйлестірілді.

Соңғы жаңалықтар