Көкшетауда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласының Теміржолшылар саябағы аумағында есірткі жасырып жүрген 24 жастағы ер адам мен оның 22 жастағы сүйіктісін ұстады. Ерлі-зайыпты күдіктілерден есірткі салынған 30 орама тәркіленді.

«Ер адамды жеке тінту кезінде 27 орама табылды. Алдын ала анықталғандай, табылған зат «а-PVP пиралеронының құрылымдық аналогы» синтетикалық есірткісі болып шықты. Ал, әйелден есірткі жасырылған жерді суретке түсіріп, геолокация ретінде жіберу кезінде қолданылатын телефон тәркіленді», - деді ведомстводан.

Бұдан бөлек, саябақ аумағын тексеру барысында күдіктілер жасырған тағы 3 орама тәркіленді.

«Күдіктілер көрші облыстан келіп, жақында кепілгер болып жұмысқа орналасқанын, интернетте сөйлескен белгісіз адамнан есірткі алғанын айтты. Олар бар болғаны 10 күн жұмыс істеп, құқық қорғау органдарының қолына түсті»,- деп атап өтті Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Мейрам Жапбасов.

Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 296-шы бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.


Соңғы жаңалықтар