Көкшетауда «Сиқырлы қар қалашығы» байқауының қорытындысы шығарылды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Психоневрологиялық және тірек қимыл-аппараты функциялары бұзылған балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ «Сиқырлы қар қалашығы» байқауының қорытындысы шығарылды.

Бір айға созылған байқауға облыс орталығындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары мен оқушылары, Көкшетау техникалық институтының курсанттары және «Психоневрологиялық және тірек қимыл-аппараты функциялары бұзылған балаларға арналған Көкшетау медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ ұжымы мен ата-аналары қатысты.

Акция барысында қатысушылар қардан түрлі мүсіндер мен жануарлардың бейнесін жасады. «Қыс балалар үшін жаңа жылдық ертегілермен өзіне баурап алатын жылдың ерекше сиқырлы мерзімі. Бұл жолғы акциямыздың мақсаты да осы сиқырлы қар қалашығын салу арқылы бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау болып табылады. Қатысушылардың барлығы қыстың суығына қармастан өз өнерлерін ортаға салды», - дейді «Психоневрологиялық және тірек қимыл-аппараты бұзылған балаларға арналған Көкшетау медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ басшысы Рысты Баймағамбетова. Байқау қортындысында сай барлық қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан «Мега құрылыс», «Көрермен көзайымы сыйлығы», «Ересектер мен балалар достығы» және «Креатив және инновация» номинациялары бойынша марапатталды.

Соңғы жаңалықтар