Көкшетауда сайлауға қатысты жиын өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда интеллигенция өкілдерінің қатысуымен ҚР Президентінің сайлауы мәселесіне арналған жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы жиынға Ақмола облысының мәдениет, мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы және қаланың шығармашылық және ғылыми интеллигенция, БАҚ өкілдері қатысып, 2019 жылдың 9 маусымына белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Талғат Ыбыраев шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдерінің пікірі қоғам үшін маңызды екенін атап өтті.

«Биылғы жылдың 9 маусымына жоспарланып отырған кезектен тыс президент сайлауын өткізу қазақстандықтар үшін маңызды қадам. Еліміздің одан әрі дамуы үшін елге тұрақты президент керек. Биылғы сайлау ел тарихындағы үлкен оқиға болмақ», - дейді Талғат Ыбыраев.
null

Сонымен қатар, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Рухани жаңғыру» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Роза Сабырқызы, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Галина Савенкова мен кітапханашысы Нүрүш Оралбек, әдебиет және өнер мұражайының аға ғылыми қызметкері Гүлзайра Сабитова, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл сөз сөйлеп, елдегі жағдай және Президент сайлауында белсенді болудың маңыздылығы туралы өз пікірлерін ортаға салды.

Барлық қатысушы бір ауыздан еліміздің болашағы өзіміздің қолымызда, алдағы сайлауда өз таңдауымызды жасаймыз деген пікірде болды.
null null

null

Соңғы жаңалықтар