Көкшетауда саяжайдағы тәртіпті атты полицейлер бақылайды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау полицияның атты әскери взводы саяжай учаскелерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау қызметіне кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қалалық ПБ патрулдік полиция батальонының кавалерлік взводы 2016 жылы құрылып, содан бері жыл сайын жазда жұмыс істейді.

«Взвод меншігінде 33 ат бар. Олардың барлығы үйретілген және сертификаты бар. Взвод саяжай учаскелерінде тұрақты мекенжайы жоқ қаңғыбастардың ұрлық жасамауын қадағалайды. Әсіресе, адам көп жиналатын жерде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде атты полицияның тиімділігі жоғары», - дейді ведомстводан.

Айта кетуі керек, өткен жылы Көкшетау қалалық ПБ патрулдік полиция батальонының кавалерлік взводы 800 астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтап, ұсақ бұзақылық жасаған 50 астам тұлғаны ұстады және 20 жуық қылмыстық бетін ашты. Кавалерлік взвод жыл соңына дейін тәулік бойы патрульге шығатын болатын.


Соңғы жаңалықтар