Көкшетауда сауда үйіне «бомба қойған» адам іздестіріліп жатыр

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда сауда, ойын-сауық орталығының аумағына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлаған адам іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сауда, ойын-сауық орталығының аумағына жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпарат түскен. Осыған байланысты адамдар эвакуацияланды.

«Жарылғыш заттармен жұмыс істейтін техник-мамандар ғимаратты тексеріп шығып, қауіпті затты таппады. Қазіргі кезде жалған хабар берген адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ведомствоның баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, Көкшетаудағы сауда, ойын-сауық орталығынан адамдардың эвакуацияланып жатқандығы туралы видео әлеуметтік желіде тараған болатын.


Соңғы жаңалықтар