Көкшетауда сауда үйі өртенді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда сауда үйінде өрт тұтанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«20 мамыр күні 12:35-те Әбілқасымов көшесі, 95 «А» мекенжайында орналасқан екі қабатты «Триумф» сауда үйінің шатыры жанды. Өрт 13:05-те ауыздықталып, 13:22-де толықтай сөндірілді. Өрт салдарынан ғимараттың сырты бүлінген. Жалын 400 шаршы метр ауданды шарпыды», - делінген хабарламада.

null35 адам эвакуацияланды. Құрбан болғандар жоқ, ешкім зардап шекпеген.     

Куәгерлер оқиғаның видеосын желіге жариялады.

Соңғы жаңалықтар