Көкшетауда салмағы 190 келіге жуық жүкті әйел аман-есен босанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық перинатальдық орталығында салмағы 189 келі жүкті әйелге кесарь тілігі отасы жасалды, деп хабарлайды «Қазақпарат» облыстық аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көпбейінді облыстық ауруханасының мәліметінше, әйелдің салмағының ауырлығына және жанама дертінің болуына байланысты анестезиологиялық және хирургиялық процедураларды қолданып жедел босандыру кезінде техникалық қиындықтар болған.

«Осы отадан кейін асқыну қаупі болатындықтан бұл аса күрделі ота болып саналады. Дегенмен бригада жүктелген міндетті абыроймен орындады. Ота сәтті өтті. Ана мен баланың жағдайы тұрақты», - деді облыстық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Жаров.

Алдағы уақытта бәрі ойдағыдай болса ана мен бала үйіне қайтарылады.


Авторы Майра Қуанышқызы


Соңғы жаңалықтар