Көкшетауда Сəкен Сейфуллиннің ұлына құран бағышталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы ескі мұсылмандар зиратында Кеңес Одағының Батыры Мəлік Ғабдуллиннің анасы Əлия Оспанқызына, көрнекті дін қайраткері Науан Хазіретке жəне  халқымыздың біртуар перзенті Сəкен Сейфуллиннің ұлы Аянға құран бағышталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күніне  орай, бұл шараны Мəлік Ғабдуллин музейі мен  «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Дұғаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкіл имамы Қуаныш Жұмабайұлы бағыштады.

Бұдан соң облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл жұртшылыққа сол бір зұлмат қасіретті  таратып айтып берді.

Сəкен Сейфуллиннің  ұлы Аян  1936 жылы қараша айында дүниеге келген.  Кейбір деректерде заңғар жазушы Мұхтар Əуезов  сəбидің

есімін қойғаны туралы айтылған. Өкінішке орай, Аянның ғұмыры ұзақ болмады. Еске алу  барысында ақын Алмас Темірбай Сəкен Сейфуллиннің  рухына арнап өлең оқыды.

Соңғы жаңалықтар