Көкшетауда «Рухани жаңғыру» сарайы салынады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында «Рухани жаңғыру» сарайы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев тұрғындармен өткізген кездесуінде Көктем шағынауданында «Рухани жаңғыру» сарайы салынатынын айтты.

«Көкшетау» мәдениет сарайы 630 адамға арналған болса, «Рухани жаңғыру» сарайы 1200 адамға шақталады. Онда түрлі іс-шаралар өткізіліп, үйірмелер жұмыс істейтін болады», - деп атап өтті қала әкімі.

Айта кетейік, қазіргі кезде Көкшетау қаласында жаңа шіркеудің құрылысы жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар