Көкшетауда «Рухани жаңғыру» өңірлік сараптамалық кеңесінің отырысы өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында «Рухани жаңғыру» өңірлік сараптамалық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер, өңірлік сараптамалық кеңес, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі, сонымен қатар, қоғам белсенділері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сараптамалық кеңес отырысына қатысушылар үшін университеттің фойесінде студенттердің «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

Кеңес отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2019 жылы атқарылған іс-шараларының қорытындысы шығарылып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Ішкі саясат басқармасының арнайы жобалар бөлімінің басшысы Архат Айбабиннің айтуынша, биылғы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыстық жоспарды құрастыруда жаңа талаптар мен үрдістер енгізіліп отыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынған 3 жыл ішінде 2 миллионнан астам адамның қатысуымен 7-ден астам іс-шара жүзеге асырылған», - деді Архат Айбабин.

Бөлім басшысы атап өткендей, 2019 жылы «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде меценаттардың есебінен қала, ауылдық елді мекендерді дамыту бағытында әлеуметтік маңызы зор нысандар салынды. Жыл ішінде облыста жалпы құны 5,5 миллиард теңге болатын 591 әлеуметтік бастама жүзеге асырылды. Оның ішінде 68 нысан қалпына келтірілді, 86 нысан жаңадан салынды, сондай-ақ, 437 әлеуметтік бастама қолдау тапты.


Соңғы жаңалықтар