Көкшетауда Президенттің сайлауалды тұғырнамасын іске асыру мәселесі талқыланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы міндеттерді талқылау бойынша облыс активінің мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға Ақмола облыстық мәслихаттың депутаттары, аудандар мен қалалардың әкімдері, құқық қорғау органдарының, облыстық басқармалар мен департаменттердің, өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары, бизнес, білім беру саласының, саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, «Атамекен» республикалық кәсіпкерлер палатасының, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жастар ұйымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Алқалы жиында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысының маңызды он бағыты құжаттында бәріміздің алдымызға айқын да, абыройлы міндеттердің қойылғандығын, оны жүзеге асыруға ақмолалықтардың бар күш-жігерлерін жұмсайтындықтарын жеткізді.

«Президенттің басты он бағытындағы әрбір пункт, әрбір тапсырма нақты мәселелер, нақты үміт пен тұрғындардың сұранысына негізделеді. Біздің міндетіміз Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды қысқа уақыт ішінде орындау», - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Сондай-ақ, жиында сөз алған Целиноград ауданы Қосшы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы Айдын Төребаев, «Өрлеу» біліктілікті көтеру ұлттық орталығының» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Нина Стукаленко, Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, жеке кәсіпкер Сергей Шмаков және «Ақмола - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Самира Тайтенова Мемлекет басшысын бір кісідей қолдап, маңызды құжатта нақтылап берген бағыт-бағдарды жүзеге асыруға жұмылатындықтарын тілге тиек етті.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл Жоспарын бекіткен болатын.

Соңғы жаңалықтар