Көкшетауда пойыз 37 жылқыны қағып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жүк пойызы бір үйір жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7 наурыз күні сағат 04.55-те Көкшетау стансысындағы Желілік полиция бөліміне «Қарағай-Уголки» аралығында жүк пойызының машинисі

37 жылқыны қағып кетуіне байланысты шұғыл тежеуге мәжбүр болғаны хабарланған. Оқиға орнына Көкшетау стансысындағы желілік полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шықты», - делінген ақпаратта.

Көлік полицейлері жүргізген шаралардың нәтижесінде жылқылардың иесі - Ақмола облысының 43 жастағы тұрғыны анықталды. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі (темiржол бойында мал жаю) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар