Көкшетауда полиция ардагерінің құрметіне мемориалды тақта орнатылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ҚР екі шақырылымдағы сенат депутаты, ҚР Ішкі істер органдарының ардагері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Қайролла Ескендіровтің құрметіне мемориалды тақта ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау қалалық полиция басқармасының ғимаратына орнатылған тақтаның ашылу салтанатына аймақ басшысы Ермек Маржықпаев, Ақмола облыстық ПД бастығы Берік Билялов пен департаменттің жеке құрамы және Қайролла Ескендіровтің жұбайы, туған-туыстары, бұрынғы әріптестері, ізбасарлары қатысты.

Жиында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев сөз сөйлеп, Қайролла Ғазизұлының азаматтық ұстанымы мен кісілік келбетін, қызметіне деген адалдығын, ғибратты ғұмырын тілге тиек етті.
null

Айта кетейік, Қайролла Ескендіров 1995 жылғы парламент сайлауында бірінші шақырылымдағы сенат депутаты болып сайланды, кейін 1999 жылы екінші шақырылымда да сенатор болды. 2019 жылғы сәуір айының соңында өмірден өтті.

Сонымен қатар, осы күні облыстық полиция департаментінің ғимаратында қайта жаңартылған мұражайдың ашылуы болып өтті. Ведомстволық мұражай қорында 5 600-ден астам жәдігер сақталған. Мұражай 5 залдан тұрады. Онда жұмысшы-шаруа милициясынан бастап, Екінші дүниежүзілік соғыс, ҚазКСРО милициясы дәуірі және бүгінгі тәуелсіз Қазақстан полициясы кезіндегі жәдігерлерді тамашалауға болады.

null

Соңғы жаңалықтар