Көкшетауда перзентханадан қашып кеткен 36 жастағы әйел өзіне қол жұмсады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда перзентханада жоғалған 36 жастағы әйел өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 27 тамызда Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне Перинаталдық орталықтың перзентхана бөлімшесінің дәрігері хабарласып, жаңа босанған 36 жастағы әйел – Көкшетау қаласының тұрғыны сәбиін тастап, палатадан шығып кетіп қалғанын хабарлаған.

«Айтылған жерге жедел-тергеу тобы жетіп, іздестіру шараларын қолға алды. Анықталғандай, босанғаннан кейін әйелдің көңіл-күйі жайсыз болған» дейді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметіндегілер атап өткендей, тамыздың 27-де сағат 19:00 шамасында әйел жұқпалы аурулар аурханасының маңындағы ағашта асулы күйінде табылды.

«Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды» деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетейік, көз жұмған әйелдің артында төрт баласы (үш ұл және бір қыз) қалды. Ең кішісі биыл 12 тамызда дүниеге келген.


Соңғы жаңалықтар