Көкшетауда пəтер тонаған қостанайлықтар ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Көкшетауда жалпы сомасы 9,6 миллион теңгенің ақшасы мен əшекейлерін қолды еткен күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша, қылмыс қыркүйектің 11-де орын алған. Зардап шегушінің сөзіне қарағанда, бейтаныс адамдар үй иесінің жоқтығын пайдаланып, пəтердің есігін сай келетін кілтпен ашқан жəне үйде сақтаулы тұрған ақша мен əшекей бұйымдарды үптеп кеткен. Үй иесіне 9,6 миллион теңге шығын келтірген.

Жедел іздестіру шарасы барысында бейнебақылау камерасының көмегімен ұрылар анықталды. Күдіктілер Қостанай облысы Рудный қаласының 35, 25 жəне 22 жастағы тұрғындары болып шықты. Олар Көкшетауда ұрлық жасағаннан кейін Қостанай облысына кетіп қалған.

Қазіргі кезде, ұсталған күдіктілердің үшеуі де уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, оларға қатысты ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде 

Соңғы жаңалықтар