+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Көкшетауда өткен жәрмеңкеде 104 тонна азық-түлік саудаға шығарылды

2020 жылғы 17 қазан 15:16
Бөлісіңіз:
Көкшетауда өткен жәрмеңкеде 104 тонна азық-түлік саудаға шығарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында Аршалы, Ақкөл, Бурабай, Егіндікөл, Ерейментау, Шортанды, Қорғалжын, Целиноград аудандары мен облыс орталығының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және «Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда екі күндік жәрмеңкеде 13 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды

Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеге өңірдің 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы құны 68,1 миллион теңге болатын 104,3 тоннаға жуық өнім әкелді.

Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайызға арзан сатылды.

Соның ішінде 24,7 тонна ет және шұжық өнімі, 3,4 тонна балық, 7,3 тонна сүт және сүт өнімі, 272 дана жұмыртқа, 5,1 тоннадан астам ұн, 4 тонна өсімдік майы, 58,8 тонна картоп пен көкөніс және өзге де өнімдер бар.

Жәрмеңкені арнайы барып көрген Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов азық-түлік бағасы мен сапасына назар аударды.


«Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының сөрелерінде күнбағыс майының литрі - 390 теңге, тазаланған күріштің келісі - 280 теңге, қарақұмық жармасы - 267 теңге, қанттың келісі - 200 теңге, 1 кг бірінші сортты ұн - 110 теңге, жоғары сортты ұнның екі келісі 500 теңге болды.⠀

Павильондарда облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің, ұлттық сараптама орталығының мамандары азық-түлік өнімдерінен сынама алып тексеріп, санитарлық талаптардың сақталуына ерекше көңіл бөлді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT