Көкшетауда өткен сенбілікте 2 мың түп ағаш пен бұта отырғызылды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетау қаласының аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық сенбілік өтті.

Қала әкімдігінің ақпаратына сәйкес, сенбілікке жергілікті кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, коммуналдық кәсіпорындар, ПИК және басқа да бюджетті ұйымдармен жоғары, орта білім ордаларының студенттері мен қала тұрғындары тартылды.

Сенбілікке қатысқан облыс әкімі Сергей Кулагин мен қала басшысы Ермек Маржықпаев та қолына жұмыс қолғабын киіп, Абылай хан даңғылындағы алаңқай мен Қопа көлінің жағасында Горький көшесінің бойында ағаш көшеттерін отырғызды.

Жалпы, бұл жолғы сенбілік барысында 2000-ға жуық ағаштар мен бұталарды отырғызу, гүлбақша мен гүлзарларды тазалаумен қатар, Қылшақты өзенінің жағасын құл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазарту, көшеттердің түбін ақтау сияқты жұмыстары қолға алынды.

Еске сала кетейік, жалпы, биылғы көктемде Көкшетау қаласы бойынша барлығы 7500 ағаш көшеті отырғызылды. Оған қоса онға жуық тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары қолға алынған.

2 3 4 5 6

Соңғы жаңалықтар