Көкшетауда өткен қайырымдылық акциясы барысында 3 миллионнан астам қаржы жиналды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен жалпыұлттық «Қайырымдылық керуені» акциясы шеңберінде қайырымдылық аукционы өтті.

Акция ауыр дертке шалдыққан қос бүлдіршіннің емделуі үшін қаржылай көмектесу мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».
Шараның негізгі ұйымдастырушысы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Киікова бұл игілікті іс шаралардың жыл бойы мұқтаж жандарға көмектесу үшін жалғаса беретіндігін атап өтті. Қайырымдылық аукционынан жиналған қаражат Айдарбек Қапарбеков пен Мансұр Құсайыновтың емделуіне жұмсалатын болады. Кішкентай Айдарбек небәрі бір жарым жаста диагнозы- лейкоз. Ол бүгінгі таңда Мәскеу қаласында онкология орталығында ем қабылдауда. Ал Мансұрдың жасы сегізде, диагнозы - целебралды сал ауруы. Ол ата-анасымен бірге Қытай елінде емделуде. Жиналғандарға көрсетілген қос бүлдіршін туралы видеороликтен кейін қайырымдылық аукционына келген азаматтар қаржылай көмектерін жәшікке салып, өз қамқорлықтарын аямады.
Қайырымдылық аукционына қатысқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов: «Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы, Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің тапсырмасына сәйкес біз бүгін ауыр дертке шалдыққан қос бүлдіршіннің емделуіне қаражат жинау мақсатында осы қайырымдылық аукционын ұйымдастырып отырмыз. Мұқтаж жандарға мемлекет тарапынан беріліп отырған көмек те аз емес. Алайда жастарға үлгі көрсету мақсатында, қоғамда қайырымды азаматтар тәрбиелеу мақсатында осындай іс шараларды ұйымдастырып тұрғанды дұрыс деп есептейміз. Бұл бүлдіршіндер күнделікті емді қажет етеді, қымбат препараттарды қабылдайды. Оларды бірнеше операция, реабилитация курстары күтіп тұр. Бүгінгі біздің көмегіміз, олардың ертеңгі жарқын болашағы деп сенемін. Сондықтан барлығымыз бір кісідей жұмыла көмек қолын созайық. Сіздерге бүгінгі іс шараға бей-жай қарамай ат салысқандарыңыз үшін зор алғысымызды білдіреміз», деді ол.
Акция барысында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолданбалы өнер шеберлері қауымдастығы, Көкшетау қалалық «Әулет» мектептен тыс балалармен жұмыс орталығы және дарынды балалармен жұмыс істеу орталығының тәрбиеленушілері өз жұмыстарын аукционға қойып, сатылымнан түскен қаражат науқас баланың ата-анасына табысталды. Қолөнер бұйымдарын облыстың түкпір- түкпірінен жиналған орта және шағын бизнес өкілдері, еңбек ұжымдары, мемлекеттік қызметшілер сатып алды. Үш миллионға жуық қаражат жиналды. Осылайша ақмолалықтар бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, біреудің қайғысына бей-жай қарамайтындықтарын тағы бір дәлелдеді.
null null null null null

Соңғы жаңалықтар