Көкшетауда орыс, славян және казак әндері шырқалды

None
None
  КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ҚР Тұңғыш Президенті және ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған ІІ республикалық «Ән - халықтың жаны» атты орыс, славян және казак әндерінің фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында өткен шараға облыстың әр өңірінен 150 астам адам қатысты. Шара Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қолдауымен «ҚР орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтті.  

ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова фестиваль қатысушылары мен көрермендерінің алдында сөйлеген сөзінде еліміздің сәтті әрі қарқынды дамуында Ұлт Көшбасшысының атқарған рөлі ерекше екенін атап өтті.

 null«Қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Еліміз Тәуелсіздік алған 27 жылдың ішіндегі бірегей даму үлгісінің арқасында осындай іс-шараларды өткізуге мүмкіндік туғанын әрбір азамат сезінуі тиіс», - деп атап өтті Айна Мысырәлімова.

Кеш барысында «Черноглазая казачка» және «Как за Доном, за рекой» әндерін орындаған Қарағанды қаласынан келген «Казачья вольница» ансамблі бірінші, Щучьелік «Казачий стан» дуэті екінші, «Любо мне, когда Дон разливается» және «Черный ворон» әндерін орындаған Көкшетаулық «Хуторок» тобы үшінші орынға ие болып, көпшілік қауымының қошеметіне бөленді.

Сонымен қатар, Целиноград ауданындағы «Малиновка» орыс халықтық хоры, Бұланды ауданындағы «Благовест» казак халықтық хоры, Теміртаулық «Калинка» ансамблі, Аршалы ауданындағы Василий Зеленый халықтық ансамблі, Петрпавл қаласынан келген «Дача» триосы, Ақмола облысы татар және башқұр бірлестігінің «Галиябану» фолькролы ансамблінің әншілері жан-тәнімен, айрықша шеберлікпен орындаған әндері көрермендердің көңілінен шықты.null

Ал, Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің вокалды студиясының вокалистері Сәуле Лаубаева, Анастасия Ушакова және «Дала өлкесінің казактар одағы» аудандық қоғамдық бірлестігі Щучье филиалының вокалисті Виктор Овсянников үздік атанды.

Фестивальге Дала өлкесінің казактар одағының атаманы Николай Коваленко, ҚР еңбегі сіңгені әртісі Бисара Мәкенова, Ақмола облыстық филармониясының концертмейстер Галина Колесникова сияқты танымал өнер адамдары төрелік етті.

Фестивальге құрметті қонақ ретінде қатысқан «Қазақстанның орыс, славян және казактар қауымдастығы ұйымының» төрағасы Владимир Божко жиналғандарды құттықтай, келе, жеңімпаздарды бағалы сыйлық және арнайы дипломдармен марапаттады.

 

Соңғы жаңалықтар