Көкшетауда өртенген пәтерден құтқарылған 3 баланың жағдайы ауыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда пәтер өртеніп, 3 бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, өрт 13 маусымда кешке Сарыарқа шағын ауданындағы 14/3-үйдің екінші қабатындағы пәтерде болған. Өрт 9 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт кезінде пәтерде үш бала болды. Оның екеуін көршілері құтқарушылар келгенше сыртқа алып шықты, ал, үшіншісін өрт сөндірушілер құтқарды. Балалар ауруханаға жеткізілді, жағдайы ауыр. Бұдан бөлек, аталмыш бес қабатты үйдің 35 тұрғыны эвакуацияланды.
«Қазіргі мәлімет бойынша пәтерде 21 жастағы әпкесімен бірге 8, 7 және 4 жасар үш бала болған. Ата-аналары басқа жерге кеткен. Әпкелері дүкенге шыққан кезде, пәтерде өрт тұтанған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 20 адам және 12 полиция қызметкері және жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды. Өрт 22:52 ауыздықталды»,- дейді Көкшетау қалалық ТЖБ бастығы Максим Шатковский.
Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
- Ақмолада кейбір дүкен-базарлар карантинге қарамастан демалыс күні жұмыс істеген
- Биыл 8 өңірде Шоқыну мерекесінде суға түсуге тыйым салынды
- Ақмола облысында өрт шыққан пәтерден мүгедек әйел құтқарылды
- «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожол учаскесі жабық - ТЖМ
-
Қырғызстан министрі павлодарлық полицейлерге алғыс жолдады
-
Ақмола облысының тұрғындары жолдағы қауіпті учаскелерді қосымша арқылы біле алады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам