+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Көкшетауда өртенген көпқабатты үйден 27 адам эвакуацияланды

2021 жылғы 4 тамыз 14:33
Бөлісіңіз:
Көкшетауда өртенген көпқабатты үйден 27 адам эвакуацияланды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы көпқабатты үйден 27 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысының таулы аймақтарынан тағы да өрт шықты Алматы облысының Ақсай шатқалында құрғақ шөп өртеніп жатыр Төтенше жағдай қызметкерлері 1,5 млн тұрғын үйді тексеріп шықпақ

Ақмола медиа орталығының мәліметіне сенсек, бүгін, 4 тамыз күні Пушкин көшесіндегі көпқабатты үйдің 27 тұрғыны бірінші қабаттағы дүкендегі өрттен эвакуацияланды.

Өрттің алдын ала себебі - тоңазытқыш қондырғыларының қысқа тұйықталуы.

Таңғы 04.28 кезінде Ақмола облысы жедел басқару орталығының пультіне жоғарыда көрсетілген мекенжайда өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақыру орнына дереу өрт сөндіру қызметінің күш-құралдары жіберілді.

Шақыру орнына келген соң ақпарат расталды.

Баспалдақ маршымен 27 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды.

Өрт 20 минут ішінде сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. ТЖД 10 қызметкері мен 2 техникасы шықты.

Ақмола ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT